Профессиональный казахский (русский) язык
Салтанат Рахимбекова

Профессиональный казахский (русский) язык

1.                  «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

С.А.Рахимбекова, № 216 кабинет

Байланыс телефоны – 27-85-71 (ішкі тел. 189)

e-mail: saltanat.nur@mail.ru

 

2. Оқытудың форматы: дәстүрлі / қашықтықтан тыс оқыту / аралас ( 30 % оффлайн, басқасы – қашықтықтан тыс)

3. Кредит саны -3

 

4. Пәннің пререквизиттері: Қазақ тілі.

 

5. Пәннің постреквизиттері: Академиялық хат.

 

5.      Пән сипаттамасы

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында тілді кешенді қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгерген студент осы пәннен алған білімін болашақ еңбек жолында кәсіби-іскери бағытта толық пайдалана алады.

 

6.1 Пәнді оқыту мақсаты

Студенттердің қатысымдық құзыреттілік деңгейін көтеріп, қазақ тілін кәсіби (іскери және ғылыми) қызметте, сондай-ақ өз білімін жетілдіру мақсатында пайдалана алуына бағыттау. Экономика саласына қатысты терминдермен жұмыс істеуге, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана білуге дайындау.

 

6.2.Оқытудың күтілетін нәтижелері – құзіреттері (білімі, іскерлігі, қолдануы)

Құзіреттілігі:

Білу:  кәсіби қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білу; қоғамдық саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, мамандыққа қатысты мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттап, талдай білу.

Игеру:

- болашақ қызметінде кәсіби қарым-қатынасқа түсу үшін жеткілікті коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру;

- кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу, пәндік және дискурстық құзіреттіліктерді жетілдіру;

- мәдениетаралық-қатысымдық құзіреттілікті жетілдіру;

- қоғамдық және этикалық жауапкершілікті сезіну және өзінің білім беру бағдарламасының кәсіби-этикалық қағидаттары мен нормаларын мойындау

-алған білімдерінің негізінде өзінің кәсіби қызметін ұйымдастыра алу қабілеті.

Меңгеру:

- тіл үйренушінің қазақ тіліне деген құрмет сезімін күшейтіп, қызығушылығын арттыра отырып, қазақ тілін еркін меңгеру;

- оқулықтарының элементтерін зерттеп меңгеру;

- анықтама әдебиетімен өз бетімен жұмыс істеу.

Іскерлігі:

ауызша және жазбаша сөйлеуді логикалық дұрыс, дәлелді және анық құру, кәсіби мақсаттағы мәтіндерді құрастыру; әлеуметік маңызды мәселелер мен үдерістерді қазақ тілінде талдау; таңдаған мамандық бойынша талқылау үшін қажетті мәліметтерді заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жинау, өңдеу және интерпретациялау; мәдени ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндей деңгейде қазақ тілін белсенді меңгеру, мамандығы бойынша қазақ тілінде құжаттарды жасау, қызмет нәтижелерін көрсету және қорғау.

Қолдануы: 

- осы пән шеңберінде алынған білім маманға қазақ тілін кәсіби қызметтің әр түрлі аясында қолдану,

- ғылыми және тәжірибелік жұмыстарда, әріптестерімен қарым-қатынаста колдану,өздігінен оқуда және т.б. мақсаттарда пайдалану.